"Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімінің Кировское ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа села Кировское отдела образования по Жаксынскому району управление образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желілердеміз

         

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ҰЛЫ ЕСІМІ ҰЛЫҚТАЛҒАН КҮН

21.09.2018

ҰЛЫ ЕСІМІ ҰЛЫҚТАЛҒАН КҮН

(Өлкеміздің төріне Ақан сері есімі берілді)

 

Біз ХХI – ғасырдың жаһандану картасында ешкімге

ұқсамайтын, дербес орны бар ұлт боламыз десек, әлем бізді мәдени

жетістіктерімізбен тану керек. Н.Назарбаев.

 

Жуырда, Елбасының жыл сайынғы халыққа үндеуі негізіндегі «Рухани жаңғыру»

бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында өлкеміздің төрінде төл өнердің төресінің

есімі ұлықталған күн өтті. Тамыры терең сыр тұңғиығына бойлатар тарих сілемдері

шайқалған кезде оның тор көзінен ездері түсіп ересендері қалатыны сынды ұлардай

халықтың ұлы жүрегінде сақталған ұлылардың бірі – Ақан сері.                                                     

Бабаның дара жолы өнегелі өмірі мен өрісі биік таланты бір кезде қандай жарқын да

жанды қасиеттерімен көрініп, қазақ мәдениеті тарихында айқын із қалдырса,

қазір де сол асыл да абзал ерекшеліктерін өз бойында толық сақтауда.  Мұның өзі

заңдылық, өйткені, әрбір ұлы тұлға адамзатпен бірге жасайтын өшпес, ескірмес

идеяларды көтереді. Сондықтан олар бірнеше ұрпақтың өткеніне қарамастан жаңа

ұрпақ, жас қауымға алсытан қол созып, жол болсын деп айтып тұрғандай болады.

Уақыт өткен сайын тұлғасы биіктей, қадір-қасиеті арта түскендей.                                                                                                       

Игі іс-шарада білімге, ғылымға сусаған қазақ жастары алдында дала қоңырауын қағып:

оқу-білімге үндеген ұлы ұстаз Ыбырай Алтынсарин ізін жалғаған ұстаздар ұясының

бірі - «Киров орта мектебі» КММ-сінің директоры Молдыбаева Гүлмира Сайлауқызы

сөз сөйлеп, аталмыш оқу орнының 7 – сынып оқушысы Бектемирова Аруна «Құлагер»   

өлеңін оқып, жиылған қауымның ыстық лебізіне бөленді.

Молдағалиев Ерхан Болатұлы

«Киров орта мектебі»  КММ

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің

мұғалімі

Просмотров: 345

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст