"Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімінің Кировское ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа села Кировское отдела образования по Жаксынскому району управление образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желілердеміз

         

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Қазақстан халқы тілдері күні» мерекесіне орай өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат

16.09.2019

 «Қазақстан халқы тілдері күні» мерекесіне орай өткізілген  іс-шаралар туралы

МӘЛІМЕТ

«Киров орта мектебі» КММ

               «Қазақстан халқы тілдері күні» мерекесіне орай   Қазақстан сияқты көп ұлттың өкілдері тұратын мемлекеттегі тілдік ахуалды, тіл құрылысын қалыптастыру мен дамытудың негізгі факторы және ұлтаралық қарым-қатынас пен қоғамдық келісімді реттеу еліміздің тәуелсіздік жылдары қол жеткізген жетістіктерін кеңінен түсіндіру, насихаттау мақсатында мерекелік іс-шараның жоспары құрылып, бекітілді. 9 қыркүйек  күні ««Тіл – халық байлығы»» атты мерекелік апталықтың ашылу салтанаты болып өтті. Тілдің мемлекеттік мәртебесін қалыптастыруға,  қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге, тілін, елін сүйе білуге үйрететін бұл мерекелік іс-шараға 5-11 сынып оқушылары белсенді қатысты.  Оқушылар авторлық өлеңдерін оқып, тіл тазалығына байланысты көріністер көрсетіп, орта буын оқушылары ақындардың өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Ақын-жазушылардың тілге байланысты нақыл сөздерімен таныстырды. 

             Іс-шара жоспарына сәйкес 09-13.09.2019 аралығында  Біржан сал Қожағұл ұлының 185 эылдығына орай «Біржан сал –өңір мақтанышы» атты ақпараттық танымдық сағат,«Абай дана-Абай дара қазақта» атты танымдық акция, Пікірталас:  « Үш тіл білу - заман талабы», Бейімбет Майлинның 125 жылдық мерейтойына орай «Б.Майлин өмірі мен шығармашылығы»  тақырыбында ақпараттық – танымдық іс-шара, Сәкен Сейфулинның 125 жылдық мерейтойына орай «Сәкен Сейфулиннің өмірі мен шығармашылығы» тақырыбында ақпараттық – танымдық іс-шара, бүлдіршіндер арасында «Бала тілі – бал» мәнерлеп оқу байқауы ,«Ертегілер елінде» көрінісі және  «Тіл – халық байлығы» атты сынып сағаттары өткізілді.Сынып сағаттарының алға қойған мақсаты: оқушылардың тіл туралы білімдерін жетілдіру, өз тіліне, туған жеріне құрмет көрсетуге баулу және оқушылардың азаматтық, адамгершілік, ізгілік қасиеттерін, ұлттық  рухани санасын, эстетикалық биік талғамын, өмірлік тәжірибесін байытып, тілімізді құрметтеп, аялай білуге тәрбиелеу болмақ.  13 қыркүйек күні әдеби кеш :«Туған тілім – тірлігімнің айғағы» өткізіліп, жабылу кезеңі өтті.

               «Қазақстан халқы тілдері күні» мерекесіне орай мектептің тіл мамандары белсене ат салысты.

            Әр ұлттың өз ана тілі бар. Тіл халықпен бірге өмір сүріп дамиды. Әр адамның өз тіліне деген құрметін өз ұлтына, Отанына деген құрмет деп білу керек. Тіл мәселесін көтеруде барлық іс-шарааларды ұтымды ұйымдастыруға жаппай  мектеп ұжымы ат салысады.  Тілдің діңгегі одан әрі күшею үшін әлі де талай игі істер  бірігіп атқарылады.  Тіл үшін күрес –тәуелсіздікке қосқан үлес деп есептейміз, тілімізге шынайы  жанашырлық танытуға мектебіміздегі басқа ұлт өкілдері де ат салысатынына  сенеміз. 

 

Просмотров: 279


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст