"Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімінің Кировское ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа села Кировское отдела образования по Жаксынскому району управление образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желілердеміз

         

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2020-2021 оқу жылындағы «Мәңгілік елімнің-мәңгілік тілі» атты тілдер онкүндігін онлайн өткізу бойынша Киров орта мектебінің ақпараты

18.09.2020

Киров орта мектебі бойынша  «Мәңгілік елімнің-мәңгілік тілі» атты тілдер онкүндігін онлайн өткізу бойынша жоспар құрылып, 4 қыркүйек күні мектеп ұжымы мен оқушылары арасында «Тіл татулық тірегі» атты онкүндіктің салтанатты ашылуы челленджбен бастау алды.

5-18 қыркүйек арасында мектеп кітапханасында «Абай еліне саяхат» атты кітаптар көрмесі ұйымдастырылды.

8-қыркүйек күні «Мемлекеттік тіл –менің тілім» атты мәнерлеп оқу сайысында 4 «А» сынып оқушылары Қуандықов Санжар мен Мұрат Ахат белсенділік танытты. Жауапты мұғалім Айтжан А.Н.

9-қыркүйек күні 9-11 сынып оқушылары арасында «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» атты эссе сайысы өткізіліп, Бектемирова Аруна, Құдайбергенов Азамат, Мұрат Талғаттың жұмыстары үздік деп танылды.

15 қыркүйек күні «Дана Абай туралы не білеміз?» атты танымдық сайыс өткізілді. Сайысқа 8-9 сынып қатысып, үш топқа бөлінген оқушылар жақсы жетістіктерге қол жеткізді. Атап айтсақ, Самуратова Аружан, Әлшеев Ғарыш, Айтжан Сабина, Құдайбергенов Азамат. Жетекшілері Башухина К. Хойшыбай Д.

Аудандық «Тіл достықтың тірегі» атты тілдер сайысына 7-сынып оқушысы Адильбеков Ғазиз С.Торайғыровтың «Қазақ тілі» өлеңін оқып қатысты.  Жауапты мұғалім Хойшыбай Д.

9-сынып оқушысы Бектемірова Аруна Ф.Оңғарсынованың «Қыз сөзі», 10-сынып оқушылары Яныбина Карина А.Байтұрсыновтың «Оқуға шақыру» және Қуандықова Аягөз М.Шахановтың «Төрт ана» өлеңін оқып, бақ сынасты. Жауапты мұғалім Башухина К.И.

 

Просмотров: 195


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст